Балаға 32 жыл ұқыпты қараймыз · Алматы

Бізге сеніп тапсырылған таланттарды аялап, ұқыппен дамытамыз

Шағын сыныптар, әр баламен жақын қарым-қатынас орнататын педагогтер мен менторлар және бала өзін еркін әрі жайлы сезінетін орта.

32жыл тәжірибе
175+қызметкер
1-11сынып
20+үйірме
Өтінім қалдыру
Жәния Әубәкірованың авторлық мектебіЖәния Әубәкірованың авторлық мектебіЖәния Әубәкірованың авторлық мектебіЖәния Әубәкірованың авторлық мектебіЖәния Әубәкірованың авторлық мектебіЖәния Әубәкірованың авторлық мектебіЖәния Әубәкірованың авторлық мектебіЖәния Әубәкірованың авторлық мектебі

Нөміріңізді қалдырыңыз — қоңырау шалып, оқуға түсу туралы сұрақтарға жауап береміз

Сыныптар, ұстаздар және бос орындар туралы қысқаша айтамыз — және сізге ыңғайлы уақытта кездесуге келісеміз.

«Жазылу» түймесін басу арқылы дербес деректерді өңдеуге келісім бересіз.

Қамқорлық

Әрқашан қадағалауда

Сабақ, тамақтану, үйірмелер және музыка — бәрі мектеп ішінде, қала бойынша жүрместен. Бала әрқашан өз ұстаздарының қасында. Бәрі оқу құнына кіреді.

Мектеп үйірмесіМектеп үйірмесіМектеп үйірмесіМектеп үйірмесіМектеп үйірмесіМектеп үйірмесіМектеп үйірмесіМектеп үйірмесіМектеп үйірмесіМектеп үйірмесіМектеп үйірмесіМектеп үйірмесіМектеп үйірмесіМектеп үйірмесі

Қауіпсіздік

Бала мектепте — сіз алаңсызсыз

Оқушының АШЖА-дағы бүкіл күні — сабақтар, тамақтану, үйірмелер, музыка, жобалық жұмыстар және достарымен бірге өткізетін бос уақыты — мектеп аумағында педагогтер, психологтер мен менторлардың бақылауында өтеді.

Мектепте жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған 172 бейнебақылау камерасынан тұратын жүйе енгізілген. Оның көмегімен жанжал туындауының алғашқы белгілерін дер кезінде анықтап, жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін қажетті шараларды уақытында қабылдаймыз.

Жәния Әубәкірова авторлық мектебі 32 жылдан бері оқушылардың сапалы тамақтануымен де ерекшеленіп келеді. Біз тек табиғи өнімдерді пайдаланып, мәзірді күн сайын жаңартып отырамыз. Бұл оқушыларымызға дәмді, теңгерімді, пайдалы әрі сапалы тамақтануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кәсіби психологтер мен менторлардан құралған команда әр жастағы оқушыларға қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Олар балаларға есейіп, қалыптасу жолындағы күрделі кезеңдерден өтуге көмектесіп, жанынан табыла біледі. Жәния Әубәкірова авторлық мектебінде біз балаларға қажетті қолдауды көрсетіп, олар сенім арта алатын ересектер болуға тырысамыз.

Қауіпсіз аумақ
Тәулік бойы күзет
Жасанды интеллекті бар 172 камера
Психологтар командасы
Менторлар
Буллингке қарсы саясат
Сапалы әрі теңгерімді тамақтану
Жобалық қызмет
Авторлық ЖИ-платформа

Нақтылық

«Біз әр балаға ерекше көңіл бөлеміз» деген сөздің артында не тұр?

01

Сыныптарда 18 оқушыдан

Мұғалім әр сабақта әр оқушыға жетіп үлгереді: баланың тақырыпты түсінбегенін көреді, бүгін көңіл күйі жоқ екенін байқайды және мұны «өзі-ақ өтеді» деп жібермейді.

02

Баланы алып жүретін куратор

Сыныпта жұмысы әр баланы білу болып табылатын ересек бар: ол қалай оқиды, кіммен дос, несі жақсы шығады және қай жері қиын. Ата-ана кураторман хатшы арқылы емес, тікелей сөйлеседі.

03

Психологтер, дәрігерлер және менторлар

Балаларға күн сайын қолдау көрсетеді. Егер балаға көмек қажет болса, олар сол күні-ақ жанынан табылады, ал мектеп ата-анамен өзі байланысқа шығады.

04

Сыныптағы ахуалмен жұмыс

Буллингтің алдын алуға бағытталған тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Қақтығыстар «балалар өздері шешеді» деген қағидамен қаралмайды: педагогтер мен психологтер сыныппен біртұтас ұжым ретінде жұмыс істейді. Мектеп мәселе ушығып кеткен кезде емес, алғашқы белгілері байқалған сәттен-ақ араласып, қажетті шараларды қабылдайды.

05

Күніне 4 рет теңгерімді тамақтану

Таңғы ас, түскі ас және бесін ас — бала мектепте күні бойы ыстық әрі құнарлы тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондықтан ата-анаға ланчбокс дайындап, баласына қосымша тамақ салып берудің қажеті жоқ.

Осы ортаны өз көзіңізбен көргіңіз келе ме?

Нөміріңізді қалдырыңыз — асықпай, міндеттемесіз экскурсияға шақырамыз.

«Жазылу» түймесін басу арқылы дербес деректерді өңдеуге келісім бересіз.

Тегін тест

Балаңыздың қабілеттер картасын анықтаңыз

5–7 минутқа арналған онлайн-тест: балаңыздың қандай мықты қырлары бар екенін және мектептің оларды қалай дамытатынын біліңіз. Нәтиже тестті аяқтағаннан кейін бірден беріледі, ал мектепке қабылданған жағдайда бұл ақпарат сынып кураторының балаға бағытталған жұмысында қолданылады.

Тесттен өту

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Мектеп баланы жанжал мен буллингтен қалай қорғайды?+
Шағын сыныптар, ұстаздар әр баланы біледі, сыныптағы ахуалмен жұмыс істейміз, ата-аналар мектеппен үнемі байланыста.
Балаларды нешеден бастап қабылдайсыздар?+
1-сыныпқа 6,5 жастан бастап қабылдаймыз.
Мектепте ұзартылған күн тобы бар ма?+
Сабақтан кейін бала мектепте қалады: ұстаздардың қадағалауымен өзіндік дайындық, үйірмелер және музыка сабақтары. Кешке дейін ол іспен айналысады — үйге бос болып келеді.
Оқу құнына не кіреді?+
МЖМБС бойынша жалпы білім беру бағдарламасы (1–11 сынып), қосымша білім (үйірмелер мен секциялар), музыкалық білім (жалпы цикл), психолог, дәрігер, логопед, күніне 4 рет теңгерімді тамақтану.
Оқушыларыңыз қандай жоғары оқу орындарына түседі?+
Түлектеріміз әлемнің үздік университеттеріне түседі: Пенсильвания университеті, Карнеги Меллон, Вашингтон университеті, UCLA, Беркли, Вена консерваториясы, Джульярд мектебі және т.б.
Жәния Әубәкірова

Мектептің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі

Жәния Әубәкірова

ҚР Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты. Мектеп 1994 жылдан бері оның авторлық тұжырымдамасы бойынша жұмыс істейді.

Мектебіміздің түлектері өзгермелі әлемде еркін бағдарлауға мүмкіндік беретін өмірлік білім мен шығармашылық әлеуеттің иесі болғанын армандаймын.

Бізбен байланысыңыз

Өтінім қалдырыңыз — мектеппен асықпай таныстырамыз

Хабарласамыз, «ал сіздерде қалай?» деген сұрақтардың бәріне жауап береміз және атмосфераны өзіңіз сезіну үшін келуге шақырамыз.

Аты-жөні

Телефон

Өтінім жіберілді. Жақын арада хабарласамыз.

«Өтінім жіберу» түймесін басу арқылы дербес деректерді өңдеуге келісім бересіз.